Кесте - Сорғы станцияларының жұмыс өнімділігіне байланысты қосалқы жайлардың құрамы мен алаңы

Жұмыс өнімділігі, м3/тәул Жайлардың ауданы, м2
қызметтік шеберхана қойма
5000 бастап, 15 000 дейін
15 000 бастап, 100 000 дейін
100 000 артық
1-ЕСКЕРТУ Кәсіпорын алаңдары мен тазалау құрылыстарына орналастырылатын сорғы станцияларындағы тұрмыстық және қосалқы жайлардың құрамын маңайдағы ғимараттардағы осы сияқты жайлардың болуына байланысты анықтау қажет. Санитарлық торапты сорғы станциясы санитарлық-тұрмыстық жайлары бар өндірістік ғимараттардан 50 м артық қашықтықта орналасқан жағдайда қарастыру қажет. 2-ЕСКЕРТУ Ұдайы қызмет көрсетіп тұратын қызметкерлерсіз автоматты түрде басқарылатын сорғы станцияларында санитарлық торапты (әжетхана, қол жуғыш) қарастыру қажет.

Ауа үрлейтін станциялар

8.3.1 Тоспа суларды аэрациялауға арналған ауа үрлейтін станцияларды тазалау құрылыстарының аумағына сығылған ауа мен электр тарату құрылғылары тұтынылатын орынның жанына орналастыру қажет.

8.3.2 Ауа үрлейтін жабдық алаңның сығылған ауаға мұқтаждығының ескерілуімен аэрациялық құрылыстардың технологиялық есептелуінің негізінде таңдалуы тиіс.

8.3.3 Әперілетін ауа шығымын реттеуге мүмкіндік беретін ауа үрлейтін жабдықты пайдалану ұсынылады.

8.3.4 Сығылған ауа жылуын тоспа суларды тазалау станциясының мұқтаждықтары үшін кәдеге жарату мүмкіншілігін қарастыру қажет.

8.3.5 Ауа үрлейтін станциялардың жұмыс өнімділігі 1 сағатта 5000 м3 астам ауа кезінде жұмыс агрегаттарының кем дегенде екеуін, жұмыс өнімділігі азырақ болған жағдайда біреуін қабылдауға жол беріледі.

Резервтік агрегаттардың санын жұмысшылардың санына байланысты қабылдау қажет:



- үшке дейін – бір;

- төрттен артық – екі.

8.3.6 Ауа үрлейтін станцияның жайларын жинақтаған уақытта ГОСТ 12.1.003 және «Жұмыс орындарындағы шуы л деңгейінің гигиеналық нормативтері» талаптарына сәйкес айдағыштар жұмыс істеген уақытта рұқсат етілетін шуыл деңгейінің қамтамасыз етілуін ескеру қажет.

8.3.7 Ауа үрлейтін станция ғимараттарында ауа тазалауға арналған құрылғылардың, өндірістік суға, белсенді тұнбаға арналған сорғылардың, аэротенктерді босатуға арналған құрылғылардың, сонымен қатар орталық диспетчер бөлмесінің, тарату құрылғыларының, трансформаторлық подстанциялардың, қосалқы және тұрмыстық жайлардың орналастырылуын қарастыруға болады.

8.3.8 Машина залы басқа жайлардан бөлінуі және сыртқа шығатын есігі болуы тиіс. Ауа үрлейтін станциялардың жинақталуына қойылатын талаптарды, машина залының көлемін жоспарда ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес анықтау қажет.

8.3.9 Ауа үрлейтін станциялардан қашық орналасқан тазалау құрылыстарының алаңдарына ауаның аз шығымын әперу үшін негізделген жағдайда бөлек ауа үрлейтін қондырғылардың құрылуын қарастыруға жол беріледі.

8.3.10 Тұтынушылардың жұмыс қысымы әртүрлі сығылған ауа жіберетін бірыңғай жүйеге қосқан уақытта реттелетін редукторларды қарастыру қажет.



8.3.11 Ауа жүретін құбырларды тот баспайтын материалдардан жасау керек. Ауа жүретін құбырларды жобалаған уақытта пайдаланылған уақытта өзіндік аэродинамикалық және вибрациялық шуылдардың пайда болуына жол бермейтін шараларды қарастыру қажет.

8.3.12 Атмосфералық ауаны тартатын құрылғыны ҚР ҚН 4.02-09 және ҚР ҚНжЕ 4.02-42 сәйкес қарастыру қажет. Ауаның тазалануын орама және өзге де сүзгілерде қарастыру қажет. Сүзгілердің жинақталуы регенерация кезінде ауыстыру үшін бөлек сүзгілердің өшірілу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыс сүзгілерінің саны үшке жетсе, бір резервтік сүзгіні, үштен артық болса екі резервтік сүзгіні қарастыру қажет. Аэротенктерде тесік құбырлар пайдаланылған жағдайда ауаны тазартпай әперуге жол беріледі.

8.3.13 Ауаны тазалау жылдамдығын төмендегідей алу қажет:

-сүзгілер камераларында 4 м/с дейін;

- жеткізуші каналдардан 6 м/с дейін;

- құбырларда 40 м/с дейін.

8.3.14 Ауа құбырларын сығылған ауаның, оның температурасының артуының және құрылыстың жекелеген секцияларындағы қысымның ең төмен айырмашылығын қамтамасыз ету қажеттілігінің ескерілуімен есептеу қажет. Аэраторлардағы қысымның есептелген жоғалу шамасын (пайдалану уақыты ішінде кедергінің артуын ескере отырып) қызмет мерзімінің есептелген мерзімінің соңындағы қор коэффициентімен, бетіндегі гидравликалық тереңдіктің ескерілуімен аэраторлардың паспорттық деректері бойынша қабылдау қажет:

- ұсақ көпіршікті аэраторлар үшін 7 кПа артық емес;

- 3 м жоғары тереңдіктегі орташа көпіршікті аэраторлар үшін 1,5 кПа;

- арыны аз аэрации кезінде 0,15 кПа бастап, 0,5 кПа дейін.

8.3.15 Аэротенктердің секциялары төрттен артық болған жағдайда ауаның ауа үрлейтін станциялардан кемінде екі ауа құбырымен әперілуін қарастыру қажет.

Тазалау құрылыстары

Жалпы нұсқаулар

9.1.1 Тоспа сулардың тазалану дәрежесін жергілікті жағдайларға байланысты және тазартылған тоспа сулар мен беткі ағынның өндірістік немесе ауыл шаруашылығы мұқтаждығына пайдаланыла алу мүмкіншілігін ескеріп анықтау қажет

Бұл ретте су объектілеріне тасталатын тоспа сулардың тазалану дәрежесі Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің, «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелер», «Тазалау құрылыстарының жұмысы мен тоспа сулардың бұрылуын бақылау бойынша нұсқаулық», «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» талаптарына, ал қайта пайдаланылатын сулар – «Қазақстан Республикасының алуан түрлі табиғи-климаттық аймақтарындағы су ресурстарын пайдаланудың нормалары мен нормативтерін әдістемелік анықтау» және «Экологиялық аудандау жүргізу кезінде су объектілеріне ластаушы заттардың тасталу нормалары мен нормативтерін әдістемелік анықтау» сәйкес тұтынушының санитарлық-эпидемиологиялық және технологиялық талаптарына сай келуі тиіс.

Мұнымен қоса, тыңайтқыш үшін және басқа да мақсаттарға тоспа сулардың зарарсыздандырылған шөгінділерінің пайдаланылу мүмкіндігінің бар-жоғын анықтау қажет. Сондай-ақ тоспа сулардың су нысанының суымен араласу және сұйылтылу дәрежесін және ондағы ластаушы заттардың фондық мөлшерін ескеру қажет.

Тоспа сулардың су нысанының суымен араласу және сұйылтылу дәрежесін «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелер» және «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқау» сәйкес анықтау керек.

9.1.2 Тоспа сулардың зарарсыздандырылған шөгінділерін жинау және кәдеге жарату мәселелерін шешу қажет.

9.1.3 Биологиялық тазалау құрылыстарына түскен кезде (орташа тәуліктік сынамада) тұрмыстық және өндірістік тоспа сулар қоспасындағы негізгі ластаушы заттардың рұқсат етілетін концентрациясын, сонымен қатар олардың тазалау барысында кетірілу дәрежесін БНҚ 01.01.03-94, «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» және «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқау» сәйкес қабылдау қажет.

1-ЕСКЕРТУ Тазалану әсері мен су нысанының суымен араласу дәрежесінің ескерілуімен су нысанының суындағы ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын (ШРК) қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тазалау құрылыстарына келіп түсетін бұл заттардың концентрациясын олар түзілетін жерлерде жергілікті тазалау құрылыстарының есебінен азайту қажет.

2-ЕСКЕРТУ Биогендік элементтердің құрамы әр 100 мг/л ОБТтол кемінде 5 мг/л азот N және 1 мг/л фосфор Р болуы тиіс.

3-ЕСКЕРТУ Тоспа сулардың температурасы кем дегенде 6ºС және 40ºС аспауы тиіс.

9.1.4 Көп компонентті қоспалардың орташа тотығу жылдамдығын тәжірибелік деректер бойынша қабылдау қажет; олар болмаған жағдайда тотығу жылдамдығын көп компонентті қоспаларға кіретін заттардың тотығу жылдамдығысының орта есепті шамасы сияқты алуға болады.

9.1.5 Бір тұрғынға келетін ластаушы заттардың орташа мөлшерін, олардың концентрациясын және тұрмыстық тоспа сулардағы сипатын анықтау үшін 9.1-кестені пайдалануға болады.

Нақты бір елді мекеннің тоспа суларындағы ластаушы заттардың концентрациясы мен сипатын бір тұрғынға келетін меншікті су бұруды есепке алып және зертханалық зерттеулер нәтижесінде алынған деректерге сәйкес анықтау қажет.


6519787053354463.html
6519814035256075.html
    PR.RU™