ДӘРІС. Оқушылармен кәсіби бағдар жұмыс әдістемесі

Мазмұны.

1. Жасөспірімдерді саналы түрде мамандық таңдауға көмек беру – әлеуметтік-экономикалық, психологиялы-педагогикалық маңызды мәселе ретінде.

2. Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесінің компоненттері: кәсіби ақпарат, кәсіби диагностика, кәсіби профессиограмма, кәсіби кеңес беру және т.б. 3.Болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру жолдары. «Менің карьерам» оқушының жеке кәсіби жоспары. 12 жылдық мектептегі кәсіби бағдар жұмысының ерекшелігі.

Кәсіптік бағдар- бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет.

«Мамандық таңдаудағы жастардың ойлануы» атты еңбегінде Маркс былай деп жазған: «Мамандық таңдау дегеніміз – ол адамның бүкіл өмірін тас-талқан етіп, жоспарын жоқ етіп оны бақытсыз етуі мүмкін».

Жастардың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының (МОӨК), кәсіптік техникалық мектептің (КТМ), кәсіптік техникалық лицейдің (КТЛ), кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің және т.б. бірлескен іс-әрекеті қажет.

Танымдық принципі.Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына қажетті мамандықты таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді.



Сай келушілік принципі.Қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп қоғамнан еркін, тыс болуға болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай қоғамның сұранысын есепке алмай мамандық таңдауға болмайды. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерінің сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-теңсіздікке алып келеді.

Белсенділік принципі. Мамандық таңдаудағы өзін тану процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша) іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль атқарады.

Даму принципі.Бұл принцип кәсіп таңдау идеясында тұлғаның квалификациясының дамуына, тәжірибесінің өсуінен жалақысының өсуінен және кәсіптік тәжірибесінің өсуінен, қоғамдық жұмысына белсене араласуынан, тұлғаның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратынын, тұрғын үйге, демалысқа және т.б. қажеттілігінен көрініс табады.



Оқу бағдарламасы және кәсіптік бағдар тәрбие жұмыстары бағдарламаларының жалпы бір мақсаты бар, ол - тұлғаны тәрбиелеу оны жан-жақты дамыту.

Кәсіптік бағдардың тапсырмалары оқу пәндері және тәрбие жұмыстары бағдарламасында айқын көрініс табады:

- жалпы білім беретін оқу пәндерінің білім мазмұны, ғылыми теорияда өмір тәжірибесімен өндіріспен байланыста оқыту, тәрбие және кәсіптік бағдар бір мақсаты бар;

- оқушыларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- оқушының икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту;

- оқушыларға жалпы және политехникалық білім негіздерін оқыту;

- оқушылардың өздерінің білімін көтеруге қызықтыру;

- жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу;

- бітіруші түлектерге жоғарғы оқу орны мен жұмыс саласын таңдауға көмектесу.

Кәсіптік бағдар мағынасы - оқушының ерекшеліктерін ашу және осы ерекшеліктерді қандай жұмыстарда жоқсы қолдануға болатынын түсіндіру. Бірақта мектепте мұнымен ғана шектелуге болмайды, тұлғаның қасиеттері қандайда бір жұмыс қоятын, белгілі бір талаптармен сай келеді. Мектеп оқушыларды еңбекке даярлайды; политехникалық білім береді, кәсіптік қызығулықтары мен икемділіктерді құрайды және дамытады, жұмысшыларға құрметпен қарауға тәрбиелейді, мамандықты саналы таңдауға оқытып үйретеді.

Кәсіптік бағдар әдістері әр-түрлі. Оқушының (жеке тұлғаны) зерттеу мақсатында педагогикалық бақылауды, іс әрекет қорытындысын (талдауларын) оның оқу биографиясындағы нәтижесін, анкеталық, интервью алу, әңгімелесу, социометрия, психоло-педагогикалық және лабораториялық эксперименттер, психологиялық тестілерді қолданылады.

Кәсіптік консультация ұзақ жүйелік бақылау және түрлі оқып үйрену әдістермен жүргізілген бақылау көмегімен анықталған және нақтыланған, сонымен қатар консультация кезінде психологиялық және лабораториялық эксперимент, медициналық және түрлі әдіс көмегімен тұлғаның мінездік қасиеттерін есепке алады.

Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істелген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ»-дейді.

Соңғы кездері 12 жылдық білім беру туралы мәселесі қолға алынып жатыр. Осы орайда бірінші кезекте кәсіптік білімге көңіл бөлінеді, яғни оқушылар мектеп бітірісімен сұранысқа сай маман болып шығуы қажет. Ал, мамандық иесі болу үшін баланың икемділігі, қызығушылығы, білімі жан-жақты зерттелуді қажет етеді.


6520397070107927.html
6520428747241167.html
    PR.RU™